Астана қаласының Нұра ауданында салынып жатқан нысан аумағында мұнаралы кран кабинасынан өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға Шыңғыс Айтматов көшесінде болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына елордалық гарнизонның күштері мен құралдары жедел түрде жіберілген. Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде кран кабинасының жанып жатқаны анықталған.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде толық сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Құзырлы органдар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
