"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі еурооблигациялар шығару арқылы 500 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстан қор биржасының басқармасы 2026 жылғы 26 наурыздағы шешімімен «Бәйтерек» облигацияларын негізгі алаңдағы «облигациялар» категориясына енгізді. Шешім 2 сәуірден бастап күшіне енді. Облигациялар доллармен номинацияланады. Жалпы саны 500 мың бағалы қағаз шығару көзделген. Бұл — классикалық купондық облигациялар, яғни инвесторларға пайыздар тұрақты түрде төленіп отырады.
XS3329272481 (BTRKe4) – көлемі 150 млрд теңге, айналым мерзімі 2 сәуір 2026 жылдан 2 сәуір 2029 жылға дейін;
XS3329277019 (BTRKe5) – көлемі 100 млрд теңге, айналым мерзімі 2 сәуір 2026 жылдан 2 сәуір 2031 жылға дейін.
Екі құрал да жылына 16,95% мөлшерінде жартыжылдық купон төлемін қарастырады (негізгі база 30/360). Осылайша, «Бәйтерек» салыстырмалы түрде жоғары табыс деңгейін белгілеп отыр.
"Банктер байып жатыр, үкімет пен ұлттық компаниялар триллиондарды қалағанынша жұмсап отыр" - "Ақ жол" депутаты
