Түркістанда камераларды қасақана сындырған екі ер адам ұсталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0LrOWyaZ7M1l6nqsT0bJZO1qrxIujpNIHnYw5szW.jpg

 Түркістан қаласында бейнебақылау камераларын қасақана бүлдірген екі ер адам ұсталды. Қылмыс бейнебақылау жүйелерінің көмегімен ашылған,деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға түнгі сағат 01:00 шамасында қала көшелерінің бірінде болған. Беттерін маскамен жапқан екі азамат ұзын ағашты пайдаланып, бірнеше камераны істен шығарған.

Соның салдарынан 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Полицейлер күдіктілерді анықтау үшін жақын маңдағы камералардың жазбаларын мұқият қарап, олардың қозғалыс бағытын белгілеген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде екі күдікті де қолға түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар бұл әрекетке жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлға наразылық ретінде барғандарын айтқан.

Аталған дерек бойынша бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Пікірлер