Қазақстандық оқушы Stanford университетінің толық грантын иеленді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XJpcTHsZTVFio158Ej0p4rOBKuw8HKmJCT2nMUsX.jpg

Қазақстандық оқушы Әлихан Серіков Stanford University университетіне Restrictive Early Action ерте іріктеу бағдарламасы бойынша толық қаржылық грантпен оқуға қабылданды. Бұл туралы бүгін, 26 наурызда Оқу-ағарту министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Stanford әлемдегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Университетке қабылдау деңгейі шамамен 3,6% құрайды, ал шетелдік талапкерлер үшін бұл көрсеткіш одан да төмен.

Әлихан –  робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері. Ол FIRST жарыстарына қатысып, бастапқы деңгейдегі FIRST LEGO League кезеңінен бастап жоғары деңгейдегі FIRST Tech Challenge санатына дейін жеткен. Команда құрамында Орталық Азия аймақтық чемпионатында жеңіске жетіп, Хьюстон қаласында өткен әлемдік кезеңге жолдама алған. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша команда инженерия, дизайн, презентация және қоғаммен жұмыс бағыттары бойынша берілетін Inspire Award сыйлығының 3-орнын иеленген.

Stanford университетінде ол Management Science & Engineering бағыты бойынша білім алуды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама–  технологиялар, деректерді талдау және басқару салаларын біріктіретін пәнаралық бағыт.

Пікірлер