Түркия астанасында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы аталған жарыста үздік атанды, деп хабарлайды "Адырна".
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, екі күнге созылған жарыста қазақстандықтар 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте І-орынға ие болды.
Атап айтқанда, Бекарыс Құдайберген (-50 кг), Баубек Ахмет (-60 кг), Бекали Еркен (-73 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг), Інжу Жұмажан (-57 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды.
Сондай-ақ Расулхан Ғабит (-60 кг), Еркеназ Сембек (-57 кг), Тоғжан Төлеубай (+70 кг) күміс медаль иеленді.
