Президент 5 дүркін чемпионды орденмен марапаттады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qVU2u2PvMbbUcmJSebNheWOwJaMHAM49PrPD660C.webp

Қазақстандық конькиші жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 5 дүркін алтын олжалаған Кристина Шумекова «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақорда резиденциясында салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Мемлекет басшысы мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бірқатар әйелдерді орден-медальдармен марапаттады.

Президенттің 19 жастағы спортшы Кристина Шумекованы "Парасат" орденімен наградтады.

Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен спортшы ел қоржынына бірнеше алтын салған еді. Шумекова Инцел қаласында өткен жарыста 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, әйелдер арасындағы командалық жарыста және шағын көпсайыста алтын медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек, 3000 метр қашықтықта күміс жүлдеге ие болды.

Пікірлер