Түркияның Анталья қаласында өткен турнирде Отандасымыз қоланы иеленді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
WKF каратэден Karate1 Premier League - Antalya турнирінде 61 келіге дейін салмақ дәрежесінде бақ сынаған Әсел Қанай қоланы еншіледі.
Халықаралық турнирде тағы екі қазақстандық спортшылар Әбілмансұр Батырғали мен Нұрқанат Әжіқанов қола медаль үшін таласатын болады.