Таяу Шығыстағы жағдай. СІМ Иран елшісін қабылдады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4MdWWgCwtgJ1h8EK4ICOAFs89yzlsKfKlwLnBYS8.jpg

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды қабылдады,  деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кездесу барысында Таяу Шығыс өңіріндегі жағдай бойынша пікір алмасылған.

Сонымен қатар тараптар қазақ-иран ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылап, жоғары деңгейдегі келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға бейілдігін растаған.

Еске салайық, сәрсенбіде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен сөйлесіп, аймақтағы жағдайды талқылаған еді.

Пікірлер