Назарбаевтар мүлікке таласуда. Кімдер мұрагер?

4485
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ratel.kz
Сурет: ratel.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі, марқұм Болат Назарбаевтың артынан қалған мүлікке балалары мұрагерлік құқығын талап етіп отыр. Олардың тізімін BES.media сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

2023 жылы қарашада Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін оның мүлкін бөлу процесі басталды.

Мұрагерлiк құқығына өтiнiш жазғандардың бірі 1983 жылы дүниеге келген Назарбаев Нұрбол Болатұлы. Сондай-ақ, Болат Назарбаевтың жары 1986 жылы дүниеге келген Динара Кемелханқызы Назарбаева мүліктің 1/2 үлесін бөлу туралы өтініш жазған.

Болат Назарбаевтың артынан қалған мүлікке мұрагер болуға өтініш жазғандар тізімі мынандай:

  1. Болатұлы Болатхан, 7 ақпан 2012 жыл;
  2. Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 21 қыркүйек 2021 жыл;
  3. Назарбаева Еркежан Болатқызы, 18 мамыр 2018 жыл;
  4. Назарбаев Елнұр Болатұлы, 19 тамыз 2013 жыл;
  5. Назарбаев Болат Болатұлы, 17 қазан 2014 жыл;
  6. Назарбаев Акбар Болатұлы, 23 қараша 2016 жыл;
  7. Назарбаева Нурбану Болатқызы, 9 шілде 2018 жыл;
  8. Болатқызы Томирис, 30 шілде 2013 жыл;
  9. Болатқызы Аруназ, 30 қаңтар 2016 жыл;
  10. Назарбаев Ханболат Болатұлы, 17 ақпан 2002 жыл;
  11. Назарбаева Альбина Болатқызы, 7 маусым, 2003 жыл;
  12. Назарбаев Хантөре Болатұлы, 22 қаңтар, 2018 жыл;
  13. Назарбаева Жанель Болатқызы, 3 қараша, 2010 жыл.

Болат Назарбаевтың мұрасын бөлу істі қарағанша біраз уақытқа созылады.

Пікірлер