3 млн еуро қарыз. Ыстамбұлда ирандық ұшақ тұтқындалды

219
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oYgWPskDDpc0ZXvAaJTODQIadMZNuDQCUK7Bv7Zy.webp

28 қыркүйек күні Ыстамбұл әуежайында Иранның Caspian Airlines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы тұтқындалды. Бұған түрік компаниясының 3 миллион еуро көлеміндегі қарызды өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша шығарылған сот шешімі себеп болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, оқиға EP-KPB тіркеу нөмірлі әуе кемесі Иранға ұшуға дайындалып жатқан сәтте болған. Жолаушылар ұшаққа толық мінгеннен кейін әуежайға несие беруші компанияның адвокаттары мен сот орындаушылары келіп, ұшақтың ұшуына тыйым салған. Осыдан кейін жолаушылар мен экипаж мүшелері ұшақтан түсіріліп, терминалға қайтарылған. Кейін әуе кемесіне ресми түрде тыйым салынған.

Иран тарапы мен Caspian Airlines әуе компаниясы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Пікірлер