Алматыда Жаңа Конституция жобасы талқыланды

45
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TBSS6lMJ4zNXBqeF1qbSdlFb327AWZPOFtU6IBum.jpg
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаевтың қатысуымен жастармен ашық кездесу өтті.
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, ұсынылып отырған өзгерістердің практикалық маңызы және олардың елдің одан әрі дамуына ықпалы жан-жақты талқыланды. Диалог ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, жастарды толғандырған сауалдарға толыққанды жауап берілді.
Сондай-ақ 15 наурыз күні өтетін дауыс берудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Белсенді әрі саналы жастар өз азаматтық ұстанымын білдіруге және Қазақстанның Жаңа Конституциясы жобасын қолдауға дайын екенін көрсетті.
Пікірлер