95 млн теңге залал келтірген. Түркиядан алаяқтық жасаған қазақстандық экстрадицияланды

265
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5A5ntgkbqd2cDTixovwbDIwzPAyyJlqfLXSTndoM.webp

Бас прокуратура Интерпол қызметкерлері және Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен Анталья қаласынан Қазақстан азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ер адам бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген. Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2019–2020 жылдары алдау жолымен Шымкент қаласының 4 жәбірленуші-тұрғынының ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін иемденіп, оларға жиынтығында шамамен 95 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Жәбірленушілердің ақшалай қаражатын иемденгеннен кейін, заңмен белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті бой тасалаған. Осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Кейіннен ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Отанына экстрадицияланған. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Пікірлер