180 млн доллар. Алатау қаласында жаңа зауыт салынады

95
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yQmbij3eQIIaTIqCsI4UWSIuO0lXVxoRMe6V5kc5.webp

Мемлекет басшысы Mars компаниясының бас атқарушы директоры Пол Вайраухты қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу барысында Қазақстанда жаңа өндірістік жобаны іске асыру мәселесі талқыланды.

Президент Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі мен Mars компаниясы арасында жалпы құны шамамен 180 миллион доллар болатын инвестициялық келісім жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл келісім Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңін білдіреді.

Жоба аясында Алатау қаласында үй жануарларына арналған азық өндіретін заманауи зауыт салу жоспарланып отыр. Жаңа өндіріс орны агроөнеркәсіп саласындағы шикізатты терең өңдеуге мүмкіндік беріп, қосылған құны жоғары өнім шығаруға жол ашады.

Өз кезегінде Пол Вайраух мемлекет басшысына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді. Оның сөзінше, бұл жоба компанияның өндірістік әлеуетін кеңейтіп, Орталық Азия мен көршілес нарықтарға өнім жеткізу көлемін арттыруға ықпал етеді.

Пікірлер