Тоқаев Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

283
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zW4EzDKrZrLdGsLXRdIogi4TctoEBkKW8HG47FfH.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы бүгін, 19 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Вашингтонда Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.

Әңгімелесу барысында президент өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды.

Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

Айта кетейік, бұл сапардың аясында мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді.

Пікірлер