«9 келі салмақ тастадым». Президент тың екенін айтты

929
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wkMLeXqdLlxFSVHGXYeQQ46jX3U0qA2rIamNB7VX.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күн сайын йогамен шұғылдануды әдетке айналдырған. Бұл туралы ол «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Денсаулығым жақсы, қан қысымым қалыпты. Күн сайын йогамен шұғылдануды әдетке айналдырдым, бірақ медитация жасамаймын. Бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнаймын. Расымен, тоғыз келі салмақ тастап, өзімді әлдеқайда жайлы сезінетін болдым»,- деді мемлекет басшысы.

Бұған қоса ол ТМД елдеріндегі әріптестерінің де спортқа жақын екенін атап өтті.

«Таяуда Бішкекте өткен бейресми іс-шара кезінде Путин жас дзюдошыға қарсы әдемі әдіс жасап, аға буынның абыройын көтеріп тастады. Әлиев те мықты, кәнігі спортшы сияқты үнемі жаттығады, Жапаров футбол ойнайды. Мирзиёев те ширақ, ол жаттығу залында шынығады. Пашинян велосипед тебеді. Лукашенко әлі күнге дейін хоккей ойнайды екен. Кезінде теңіз-әскери күштерінде болып, әбден шыныққан Рахмонның да денсаулығы жақсы. Бір сөзбен айтсам, әріптестерімнің бәрі де бабында»,-деп толықтырды Тоқаев.

 

 

Пікірлер