Қазақстандық шахматшы, блицтен үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева 12-ші әлем чемпионы Александра Костенюкті көрме матчында жеңді. Бұл туралы спортшының өзі желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Төрт партиядан тұрған матч 2,5:1,5 есебімен қазақстандық шахматшының пайдасына аяқталды. Бұл жеңіс отандасымызға 2027 жылы өтетін келесі фристайл-шахматтар әлем чемпионатына қатысу құқығын қамтамасыз етті.
«Жеңіске жету әрдайым жағымды әсер сыйлайды, әсіресе бұл мені 2027 жылы Вайсенхаусде өтетін келесі фристайл-шахматтар әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік берсе тіпті тамаша. Ұйымдастырушыларға керемет турнир үшін алғысымды айтамын! Келесі жылды асыға күтемін»,- деді ол.
Ұқсас жаңалықтар