16-27 қыркүйек аралығында Самарқандта өткен 46-шы Шахмат олимпиадасында Қазақстан құрамасы 189 команда арасында 2-орынға ие болды, деп хабарлайды "Адырна".
Шешуші турда қазақстандық шахматшылар Польша командасымен 2:2 есебімен тең түсті.
Осылайша, 18 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді. Қытай алтын, Үндістан қола медаль иеленді.
Қазақстан құрамасы турнирді бірде-бір командалық жеңіліссіз аяқтап, 7 рет жеңіске жетіп, 4 рет тең түсті.
Құрама сапында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Қамалиденова, Елназ Қалихмет және Зарина Нұрғалиева өнер көрсетті. Капитаны – Павел Коцур.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы 2024 жылы да күміс медаль жеңіп алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
