АҚШ пен Иран Женевада жанама келіссөздер өткізеді

141
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JstBYk9HurMEVwc3a6pnlyH3EH8TOXeRf5zyiitO.jpg

Иран мен АҚШ арасындағы Иранның ядролық ісіне қатысты жанама келіссөздер 17 ақпанда Женевада өтеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік өз материалында Иранның сыртқы саясат ведомствосының ақпаратын келтірді.

«Иран мен АҚШ арасындағы ядролық мәселеге қатысты жанама келіссөздер Оманның делдалдығымен сейсенбі күні өтеді», — делінген хабарламада.

БАҚ мәліметінше, Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи жексенбі күні Женеваға ұшып кеткен. 

6 ақпанда Оман астанасы Маскатта АҚШ пен Иран делегациялары арасында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер өткен еді. АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздердің жақсы өткенін және жалғасатынын атап өткен.

Пікірлер