Жазушы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова үкіметке мерейтойға бөлінген қаражатты іс-шараларға емес, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмсауды ұсынды. Оның үндеуі қоғамда қызу талқылануда, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Әлеуметтік желілерде жазушыны қолдаған пікірлер көптеп жарияланды.
Әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев:
«Адамзаттың Айтматовының 100 жылдығын атаусыз қалдыру елге сын. Оның шығармалары кеңінен насихатталып, өскелең ұрпаққа сіңірілуі керек. Айтматов – ұлы жазушы», – деп жазды.
Пайдаланушылар Ләззат Жанайдарова мен Маржан Исламбекқызы өз пікірінде: «Неге абыз ағамыздың өмірі туралы көркем фильм шығармасқа?» және «Шыңғыс Айтматов мен үшін ұлы жазушы, философ, ғалым. Оның әрбір туындысы адамзатқа рухани байлық әкеледі», – деп атап өткен.
Асылбек Нұрмаханбет есімді қолданушы өз естелігін бөлісті.
«Бірінші кітабын Қарағанды вокзалынан сатып алып, түнімен Луговой станциясына жеткенше оқып шықтым. Ұлы жазушы ғой бұл кісі!» – деп жазды.
Роза Айтматова қоғамнан жазушының есімін құрметтеуді және оның рухын мазаламауды сұрап отыр. Оның пікірінше, қаражатты халықтың тұрмысын жақсартуға бағыттау – Айтматовқа көрсетілетін шынайы құрмет болмақ.