Әзербайжан мемлекеттік шекара қызметі Ираннан елге дрон арқылы есірткі тасымалдауға бағытталған әрекетті тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Елдің шекара қызметінің хабарлауынша, оқиға әскердің командалық құрамына қарасты «Горадиз» шекара бақылау аймағында болды.
Мемлекеттік шекара қызметі мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, Әзербайжанның әуе кеңістігіне заңсыз енген дрон уақтылы анықталып, бейтараптандырылды.
Оқиға орнында тексеру жүргізу барысында жалпы салмағы 6 кг 600 г марихуана тәркіленді.
Қазіргі таңда осы факті бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар