Хаменеи қазасынан соң. Трамп Иранмен келіссөзге келіскенін айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2qdhZsSTwlI0sKXC8x5EuVwplom5NWrhbCZpsHno.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның келіссөздерді қайта жандандырғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы The Atlantic басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Олар сөйлескісі келеді, мен келіссөз өткізуге келістім. Бұл әрекетке ертерек бару керек еді. Жүзеге асыруға өте қолайлы әрі оңай қадамдарды бұрын-ақ жасауға болатын. Олар тым ұзақ күтті»,- деді Трамп.

Ақ үй басшысы келіссөздердің нақты қашан өтетінін нақтылаған жоқ. Оның айтуынша, соңғы апталарда келіссөздерге қатысқан кейбір ирандық қаза тапқан.

«Біз байланыста болған кей адамдар өмірден өтті, себебі бұл өте ірі соққы болды»,- деді Трамп.

 

Пікірлер