Әскери қызметкер жол апатынан қаза тапты

171
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/z1YaGeVBJHcdX3wZuXmJFiVkpuuMXacyccywfUgP.jpg

Ақтауда әскери қызметкерді қызметтік КамАЗ жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қаңтар күні әскери бөлімшенің Ақтау гарнизонына қарасты Оймаша полигонынан қайтып келе жатқан кезде болған.

«Қолайсыз ауа райы жағдайында, көктайғақ кезінде және көру аймағы шектеулі болған сәтте КамАЗ автокөлігі келісімшарт негізінде қызмет атқарған әскери қызметкерді, кіші сержант Г-ны қағып кеткен», – делінген ресми хабарламада.

Әскери қызметкер алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қарулы күштер қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Пікірлер