Арнайы жеңілдік: Шымбұлақта шаңғымен сырғанау арзандады

78
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dKUQpcHshwUHlFdDZhrbIEQcbcBYQzNmr2NKCpp4.webp

Shymbulak-та High Season мәресіне жетті. Мерекелік қарбалас артта қалып, барлық сервистік қызметтер ең жоғарғы деңгейде көрсетілді. Сұранысқа негізделген тарифтер кезеңі аяқталып, курорт жұмысын әрі қарай жалғастырады. Демалыс орнының жетекшілері арнайы жеңілдік қарастырды.

Динамикалық баға белгілеу құралы әлемнің көптеген курорттарында қолданылады. Regular Season-ға өту арқылы келушілер ағыны тұрақтанып, инфрақұрылымға түсетін салмақ азаяды. Бұл қызмет көрсету сапасын төмендетпестен, баға саясатын қайта қарауға және тиімдірек шарттар ұсынуға мүмкіндік береді.

«Біз үшін баға саясатының қонақтарға түсінікті әрі алдын ала болжауға болатындай болуы маңызды. Маусымдық және динамикалық баға белгілеу арқылы біз келушілер ағынын реттеп қана қоймай, таңдау мүмкіндігін береміз: біреулер мерекелік қарбаласты ұнатса, енді біреулер сырғанау үшін жайлы әрі тиімді уақытты таңдай алады. Маусымдарды High Season, Regular Season және жылына екі рет болатын Low Season-ға бөлу — дәл осы жайлылық пен теңгерімді сақтауға арналған», -деді — дейді Shymbulak тау курортының клиенттік сервис және сапаны бақылау департаментінің басшысы Ольга Беляева.

Regular Season кезеңінде ски-пасстар бағасы орта есеппен 13%-ға төмендейді. Сонымен қатар, High Season кезінде тоқтатылған жеңілдік бағдарламалары қайта күшіне енеді. Жұмыс күндері жасына байланысты зейнеткерлер (тек Қазақстан Республикасының азматтары үшін) және мүгедектігі бар жандар растаушы құжаттарын көрсеткен жағдайда курортқа тегін кіре алады. Көпбалалы отбасылар, ардагерлер, еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққандар және басқа да әлеуметтік осал топ өкілдері жұмыс күндері билеттер мен ски-пасстарды жеңілдікпен иемденеді. Ал бес жасқа дейінгі балалар үшін курортқа кіру кез келген күні және кез келген маусымда тегін — тек кассадан ски-пасс картасын сатып алып, оған нөлдік абонемент жүктеу жеткілікті.

«Regular Season кезінде жеңілдік бағдарламаларының қайта жандануы — курорттың жүйелі тарифтік саясатының бір бөлігі. Бұл тау демалысын қарбалас уақыттан тыс кезде қонақтардың барлық санаты үшін қолжетімді етуді көздейді. Биылғы High Season кезінде біз 1-11 қаңтар аралығында көпбалалы отбасылар үшін жеңілдік тарифін сақтап қалдық. Жыл сайын Shymbulak әлеуметтік осал топқа жататын 190 мыңға жуық қонақты қабылдайды — бұл келушілердің жалпы санының шамамен 20%-ы», — деді қонақтарға қамқорлық көрсету қызметінің басшысы Темірлан Жүсіп.

Regular Season аяқталған соң Low Season басталады. Ол кезде бағалар бұдан да төмен болады. Shymbulak-та тек толық күнге ғана емес, сонымен қатар таңғы, түстен кейінгі және түнгі тарифтер де қарастырылған. Бұл билеттер стандартты күндізгі ски-пассқа қарағанда арзан әрі демалысты уақыт пен физикалық мүмкіндікке қарай ыңғайлы жоспарлауға көмектеседі. Ал шаңғы мен сноубордты енді үйреніп жүргендер үшін Shymbulak-тың арнайы «Бастаушы» тарифі бар. Ол ересектер мен балалардың алғашқы оқу беткейлерінде сырғанауына арналған. Бұл тарифте трассалар саны шектеулі, бірақ бағасы стандартты ски-пасстан әлдеқайда төмен. Regular Season-ның қазіргі бағалары туралы толық ақпаратты ресми сайттан немесе Shymbulak мобильді қосымшасынан біле аласыздар.

Пікірлер