Венесуэла президенті Николас Мадуро Нью-Йорк қаласына жеткізілді. Бұл туралы Report агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақпаратқа сәйкес, Ақ үйдің баспасөз қызметі венесуэлалық көшбасшының АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасының (DEA) Нью-Йорктегі бөлімшесінде түсірілген видеосын жариялаған.
Бейнежазбада Николас Мадуроның қолына кісен салынып, DEA агенттерінің күзетімен ғимарат дәлізі арқылы өтіп бара жатқаны көрсетілген. Кадрда ол «Қайырлы түн, Жаңа жыл құтты болсын» деп қысқаша пікір білдірген.
Жарияланған видео Венесуэла президентінің Нью-Йоркке жеткізілгенін растайтын алғашқы ресми дәлел ретінде ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар