Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясында ірі өрт тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақпаратқа сәйкес, гараж үлгісіндегі ангар ішінде автокөлік бөлшектері, ағаш сөрелер мен жеңіл көлік отқа оранған. Өрт қысқа уақытта ұлғайып, құтқарушылар оқиға орнына жоғары шақырту деңгейі бойынша жұмылдырылды.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ мәліметінше, тілсіз жау 120 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Өртті сөндіру барысында барлық қауіпсіздік шаралары сақталған, ал 112 желісіне жарақат алғандар туралы хабар түспеген.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты шығу себебі анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Карт-бланш берілген министрдің бірі Зүлфия Сүлейменова еді. Дәл қазір Зүлфия мен 30 жыл отырған шенеуніктің еш айырмашылығы жоқ.
Экология министрі жылап тұрды. Бұл көз жас – шарасыздықтың көз жасы. Алдарыңда ар соты, ұрпақ соты, тарих соты тұр деп жыла. Бәрін айтып жыла, елдің зарын айтып жыла.
