Мальдив аралдарындағы қайғылы оқиға. 5 италиялық дайвер қаза болды

162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UVXB1DQHhGV2iYyhvRYMGKWwF5fXIpCwp6NqKtmb.webp

Фото: sublife.by

Мальдив аралдарында су астындағы үңгірлерді зерттеу кезінде бес Италия азаматы қаза тапты. Қайғылы оқиға туралы Мальдивтің туризм және азаматтық авиация министрі Мұхамед Амин әлеуметтік желідегі жазбасында мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна". 

Министрдің айтуынша, оқиға орнына жедел түрде іздестіру-құтқару топтары жұмылдырылған. Құтқару жұмыстарына тікұшақтар мен жылдам жүретін катерлер тартылған.

Италияның Сыртқы істер министрлігі де оқиғаны растады.

«Мальдивтегі Вааву атоллында аквалангпен су астына түскен экскурсия барысында бес Италия азаматы қаза тапты. Дайверлер 50 метр тереңдіктегі үңгірлерді зерттеу кезінде қайтыс болған», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Жергілікті билік пен құтқару қызметтері жағдайға байланысты қосымша ақпарат беретін болады.

Пікірлер