Қарағандыда бір топ азамат теміржол вагонынан 32 тоннадан асатын мыс ұрлаған

80
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xK1SKZNjKDKjBD0J27Rt4CZTuZaaGyja8L1JWES7.jpg

Қарағандыда 32 және 61 жас аралығындағы бес адамнан тұратын топ теміржол вагонынан мыс ұрлаған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ПД мәліметінше, тергеу барысында аталған тұлғалардың Қарағанды облысының Тоқырау станциясында Өскемен – Құрық – Порт бағытымен келе жатқан теміржол вагонынан жалпы салмағы 32 тоннадан астам катодты мыс ұрлағандары анықталған.

«Келтірілген материалдық шығынның көлемі 135 миллион теңгеден асады. Қылмыстық топтың барлық мүшесі кінәсі толық дәлелденді. Сот үкімімен олардың әрқайсысы 3 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, ұрылар Балқаш қаласының тұрғындары, ал ұйымдастырушы теміржол жұмысшысы болып шықты.

Пікірлер