Каспий теңізінде магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеп.
Агенттік мәліметінше, Баку уақытымен сағат 08:32-де (Астана уақытымен 09:32) тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Түрікменбашы қаласынан 132 шақырым солтүстік-батыста орналасқан.
Сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісінің ошағы 43 шақырым тереңдікте болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Ұқсас жаңалықтар