Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2r4UqAeUWhRNq1bA2joQCjJto0Lq4HqkitkvzuSy.png

Каспий теңізінде магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеп.

Агенттік мәліметінше, Баку уақытымен сағат 08:32-де (Астана уақытымен 09:32) тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Түрікменбашы қаласынан 132 шақырым солтүстік-батыста орналасқан.

Сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісінің ошағы 43 шақырым тереңдікте болған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Комментарии
Другие материалы