Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде әлеуметтік желілерде елдің мемлекеттік туын автокөліктерге ілу мәселесі кеңінен талқыланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Кейбір ақпараттарда автокөліктерге мемлекеттік ту ілген жүргізушілерді жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің түрлі себептермен тоқтатқаны айтылған.
Ал мәдениет және ақпарат министрлігі көлікке ту ілу ережелерін түсіндірді.
"Мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар. Мәдениет және ақпарат министрлігі олардың дұрыс қолдану тәртібін қадағалайды. Біз азаматтардың патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті сақтау, ел мен азаматтардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануды қолдаймыз, бірақ ол қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асуы тиіс", — делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, ІІМ бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген.