Путин Ташкентте Өзбекстан тәуелсіздігіне тәу етті

1477
Adyrna.kz Telegram
Фото: скриншот/Известия
Фото: скриншот/Известия

Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевпен бірге 26 мамыр күні Ташкенттегі Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды. Бұл туралы «Известия» жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Дереккөздің хабарлауынша, гүл шоқтарын қойғаннан кейін ол Өзбекстан президентімен Азиада ойындарына дайындық жоспарларымен және «Жаңа Өзбекстан» саябағы орнында орналасқан «Жаңа Ташкент» қала құрылысы жобасымен танысты.

EADaily хабарлағандай, Путин екі күндік мемлекеттік сапармен Ташкентке барды. Негізгі бағдарлама бүгінге жоспарланған. Владимир Путин өзбек әріптесі Шавкат Мирзиеевпен өзекті аймақтық проблемаларды және ірі өнеркәсіп өндірісін құруды талқылайды.

Путин мен Мирзиеев Ресей мен Өзбекстанның аймақтық кеңесінің бірінші отырысына да қатысады. Сонымен қатар, сапар барысында бірнеше бірлескен құжатқа қол қояды.

Пікірлер