Алматы қаласында тоғыз айдың қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 539 мың теңгені құрады. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Әкімнің айтуынша, қаланың басты басымдығы — ұзақ мерзімді дамудың негізі саналатын экономиканың тұрақты өсімі. Ол биыл Алматыда іскерлік белсенділік жоғары деңгейде сақталып, инвестициялық өсім оң динамика көрсеткенін атап өтті.
Сонымен қатар қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.
«2025 жылы Алматыда 92 мың жұмыс орны құрылды, оның 87 пайызы — тұрақты жұмыс орындары. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша қаладағы орташа айлық жалақы 539 мың теңгені құрап, номиналды түрде 14,5 пайызға өсті және республикалық орташа деңгейден 29 пайызға жоғары болды», — деді Дархан Сатыбалды.
Біздің оңтүстік астанамыздың кептелістерін еске түсіре отырып, қала билігі Өзбекстаннан үлгі алып, тезірек жұмыс істеуі керек.