Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл түрде қонды

421
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ztmpm9qTIo7wSBekKM5sc0ikBsLt1P4UDrtCqAbJ.jpg

Бүгін, 17 желтоқсанда Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana әуекомпаниясының ұшағы салонда түтін шығуына байланысты апаттық сигнал берді. Бұл туралы Көлік министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сағат 07:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында «Air Astana» пайдалануындағы Airbus A321N  EI-KDG әуе кемесімен авиациялық оқиға болды. «Қазаэронавигация» РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған»,- делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Қону сағат 07:40-та жүзеге асырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта аталған авиациялық оқиғаның мән-жайларын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері нақтылап анықтауда.

Пікірлер