Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) әлемдегі ең мықты 500 футбол клубының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл тізімге Қазақстаннан «Қайрат» клубы кірді.
Алматы командасы 90,75 ұпай жинап, жалпы есепте 240-орынға жайғасты.
Айта кетерлігі, «Қайрат» рейтингте бірқатар әйгілі еуропалық ұжымдарды артта қалдырды.
Рейтингтің алғашқы сатысын Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы иеленді. Екінші орынға Мадридтің «Реал» командасы тұрақтаса, үздік үштікті Лондонның «Челси» клубы түйіндеген
Ұқсас жаңалықтар