Жағажайда атыс болып, 10 адам қаза тапты

126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sMmRiH9aH12EeLhHPWX7zbVD0kyUK87rmVGKWJMR.jpg

Сиднейдегі Бонди-Бич жағажайында болған атыстан кемінде 10 адам қаза тауып, 60 адам жараланған. Бұл туралы желіде видеолар тарады, деп хабарлайды "Адырна".

BILD дерегінше, Ханука мерекесін атап өту кезінде қара киім киген екі ер адам оқ жаудырған, шамамен 50 рет оқ атылған. Іс-шараға 2 мыңға жуық адам қатысқан.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушылардың бірінің қаруын кездейсоқ өтіп бара жатқан адам тартып алды. Полиция бір атқышты атып өлтіріп, екіншісін жаралап, ұстаған. Құрбандардың нақты саны әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар бұл оқиғаны антисемиттік зорлық-зомбылықтың көрінісі деп атап, Австралия билігін тиісті шаралар қабылдауға шақырды.

 

 

Пікірлер