"Қазақстан тізімге енбеген". Келер жылдан бастап электромобильдерді бажсыз әкелу тоқтатылады

80
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/00Nt9fUSwnkM0of0TuR2hD5WnAgrHJh0eqJGPsGc.webp

Қазақстанда электромобиль сатып алудағы негізгі артықшылықтардың бірі – оларды квота аясында бажсыз әкелу мүмкіндігі болатын. Алайда 2026 жылдан бастап бұл жеңілдік ел үшін қолданылмайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengri Auto-ға сілтеп.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында үкімет басшылары келесі жылдан бастап электромобильдерді бажсыз әкелу құқығы тек Арменияға (15 мың), Беларуське (20 мың) және Қырғызстанға (15 мың) сақталатыны жөнінде келісімге келді. Қазақстан бұл тізімге енбеді.

Сонымен қатар, бажсыз әкелінген электромобильдерді Қазақстан мен Ресей азаматтарына немесе резиденттеріне беру де тыйым салынған.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы 15 қазанға қарай квота толық игерілген. Яғни, Қазақстанға рұқсат етілген 15 мың электромобиль толығымен әкелініп қойған.

Биылғы жылы электромобильдерге арналған квота толығымен аяқталды, ал 2026 жылы ол мүлде қарастырылмайды. Осыған байланысты шетелден электромобиль сатып алуды жоспарлаған азаматтар оны енді жалпы тәртіппен рәсімдеуге мәжбүр болады.

Пікірлер