Ресейде Мәскеу қалалық соты Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) прокуроры мен судьяларын сырттай түрде 3,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы currenttime.tv-ға сілтеп.
Бұл туралы 12 желтоқсанда Ресей тергеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыстық іс бойынша ХҚС прокуроры Карим Хан, судьялар Томоко Аканэ, Росарио Сальваторе, Серхио Херардо Угальде Годинес, Хайкель Бен Махфуд, сондай-ақ сот төрағасы Петр Хофманьский мен оның орынбасарлары Карранса Лус дель Кармен Ибаньес, Бертрам Шмитт және Рене Аделаида Софи Алапини-Гансу айыпталды.
Тергеу комитетінің мәліметінше, Карим Хан 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал судьяларға тағайындалған нақты мерзімдер жарияланбаған, жалпы жаза көлемі 3,5 жылдан 15 жылға дейін деп көрсетілген.
Айыпталушыларға көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту, заңсыз қамауға алу, халықаралық қорғаудағы тұлғаларға қарсы шабуыл жасауға дайындалу баптары бойынша айып тағылған.
Тағайындалған қорғаушылар сот процесі барлық заң талаптарына сай өткенін мәлімдегенімен, үкімге шағым түсірілетінін хабарлады.