Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Түркіменстанға барады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түркіменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатыспақ. Іс-шара Ашхабад қаласында өтеді.
Одан бөлек, 11 желтоқсанға Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран басшысы Масуд Пезешкианның кездесуі жоспарланған.
Айта кетейік, бүгін Масуд Пезешкиан елордаға ресми сапармен келеді.
Ұқсас жаңалықтар