Астанадағы Сарыарқа ауданында орналасқан үш қабатты ғимараттан өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары қазіргі уақытта тілсіз жаумен күресіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна".
Оқиға Ықылас Дүкенұлы көшесінің бойында болған. Үш қабатты ғимаратты шарпыған жалынның ауқымы үлкен болуына байланысты өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс істеп жатыр.
Оқиға орнында бірден жедел штаб құрылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖМ-нің 100-ге жуық құтқарушысы мен 24 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта мамандар өртті оқшаулау және толықтай өшіру үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.
«Өрт сөндіру орындарына су үздіксіз беріліп жатыр, арнайы ұңғылар енгізілді», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.
Астанадағы Есіл ауданын безендіру үшін 848 миллион теңгені Көлгінов кезіндегі тұрақты жеңімпаз жеңіп алды