Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш орнатылмақ

404
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sjsSx0Ba3bbz0XbWLFbVlW9FoMOj2MkUmb9bFaaF.webp

Астанада жарақат алған адамдарға көмек көрсету кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш орнатылады. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жедел жәрдем станциясы басшылығы арқылы Ұлдана Мырзуан оқыған медициналық колледжде оның атына аудитория ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл – біз үшін өте ауыр, өте қайғылы оқиға. Сондай-ақ марқұмның аты ұмытылмас үшін ескерткіш орнатқымыз келеді»,-деді министр.

Одан бөлек, Әлназарова министрліктің тергеу туралы тұрақты түрде ақпарат алып отырғанын, алайда нақты қорытындылар тек тергеу толық аяқталғаннан кейін ғана белгілі болатынын жеткізді.

Еске салайық, 18 қарашада Астанада үстіне кондиционер құлап кеткен 23 жастағы фельдшер ауруханада көз жұмған болатын. Оған президент жарлығымен «Ерлігі үшін» медалі берілген.

Пікірлер