Депутат министрдің тіс емдеуге берілетін БЖЗҚ төлемін жою туралы ұсынысын сынға алды

1621
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) тіс емдеуге арналған бір реттік төлемдерді алу мүмкіндігін тоқтату ұсынысын сынға алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кім үшін жұмыс істейді? 1. Қарапайым халық мұндай антихалықтық шешімге таңғалды. 2. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге пайдалануға рұқсат бергенде халық қуанған еді. Ал бұл халық үшін маңызды әрі қажет дүние болды», - деп жазды Бәшімов сәрсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

Депутат сондай-ақ, «Тіс емдеу әр азаматтың денсаулығына әсер ететін адам төзгісіз, қымбат жәрдемақыға айналғаны жасырын емес» екенін атай кетті.

«БЖЗҚ қаражатын тек науқас балаларды емдеуге пайдаланудың ұсынылған баламасы күмәнді дүние, өйткені бұл ата-аналардан бәрібір ақыр соңы нәтижесіз шығатын диагнозды растайтын барлық құжаттарды бюрократиялық жолмен жинатқызуды талап етеді және т.б. Адам және азамат құқықтарының мүдделеріне қайшы келетін бұл бұйрықтың күшін жою қажет», - деп баса айтты Бәшімов.

Мәжілісменнің жазбасына «Әділдік жолы» үкіметтік емес ұйымының атқарушы директоры Дидар Смағұлов түсініктеме берді.

«Бұл неткен халыққа қарсы қадам. Көптеген адамдар үшін бұл тістерін емдеудің жалғыз мүмкіндігі болды, өйткені процедуралар өте қымбат тұрады. Алдымен олар медициналық көмекті удай бағаға көтереді, енді келіп оған  зейнетақы төлемдерін пайдалануды мүмкін емес етейін деп отыр. Министр отставкаға кетсін! – деп жазды Смағұлов.

Пікірлер