Түркия Израильді айыптады: “Мешітке шабуыл жасап, 7 адам қаза тапты”

4795
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/izobrazhenie_2022-04-16_100505308.png
Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің палестиналықтарға қарсы әрекетін айыптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.  Мәлімдемеде атап өтілгендей:
«Біз Израиль қауіпсіздік күштерінің Палестинаның бірнеше қаласында, атап айтқанда Дженин қаласында 7 палестиналық бейбіт тұрғынды, соның ішінде бір баланы өлтіруін және бүгін таңертең олардың араласуы кезінде намазға жиналған әл-Ақса мешітінде болған мұсылмандарды жаралағанын қабылдамаймыз және қатаң айыптаймыз. Біз аймақтағы соңғы уақытта шиеленістің күшеюіне қатты алаңдаймыз. Әл-Ақса мешітінің мәртебесі мен рухына қатысты арандатушылықтар мен қоқан-лоққылардың алдын алудың маңыздылығын, әсіресе, осынау қиын кезеңде тағы да қайталағымыз келеді. Оқиғаларда қаза тапқан палестиналық бейбіт тұрғындарға Алланың рақымын, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тілейміз» деді.

"Адырна" ұлттық порталы

 
Пікірлер