Балқаш қаласындағы бірнеше көше, шағын аудан және орталық саябаққа қазақша атаулар берілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімінде айтылған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қарағанды облысының Балқаш қаласының келесі құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту: 10 шағын аудан - Ер Жәнібек батыр шағын ауданы; 90 орам – Бейбітшілік орамы; Цветочный тұйық көшесі – Қызғалдақ тұйық көшесі; Станционная көшесі – Жолашар көшесі; Мехколонна орамы – Мирас орамы; Қ.Сәтбаев көшесі – Серпін көшесі деп; «ВЛКСМ–ге 30 жыл» саябағы – «Достық» саябағы деп қайта аталсын», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ құжатта шаһардағы бірқатар атаудың транскрипциясы да түзетілетіні айтылған.
«Садык Мухамеджанов шағын ауданы – Сыдық Мұхамеджанов шағын ауданы деп, ал К.Сатпаев шағын ауданы – Қаныш Сәтбаев шағын ауданы болып өзгертілді»,– делінген хабарламада.
Сурет: nationalgeographic.kz