Мәскеуде Назарбаевтың баратын жері белгілі болды

991
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kl3v2F5fbFb2dCwRp2sZDYrqn1qz0p2bD0t6f6l3.webp

Ресейлік тәуелсіз зерттеу басылымы «Проект» Мәскеудегі Воробьев тауларындағы элиталық саяжайлардың Федералдық күзет қызметі (ФСО) арқылы билікке жақын саясаткерлер мен бизнесмендерге жалға берілетіні туралы зерттеу жариялады. Басылым дерегінше, осы жабық кенттің «тұрғындары» қатарында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар, деп хабарлайды "Адырна".

Материалға сүйенсек, Косыгин көшесіндегі бұл элиталық кент 1950 жылдары КСРО-ның жоғары басшылығы – КОКП Орталық Комитетінің мүшелері үшін арнайы салынған. Ол «Мосфильм» павильондары мен Кино мұражайының дәл жанында орналасқан.

2015 жылы ФСО аумақтағы барлық резиденцияларға ауқымды реконструкция жасаған. Сол уақыттан бері саяжайлар тек «жабық тізім» арқылы – жоғары лауазым иелерінің жеке рұқсатымен ғана жалға беріледі.

«Проект» мәліметінше, бұл кентке кіру тек Ресей президенті Владимир Путиннің және оның әкімшілік басшысы Антон Вайноның рұқсатымен мүмкін болады. Элиталық үйді жалға алу құны айына шамамен 3,1 миллион рубльді құрайды.

Назарбаевпен бір тізімде көрсетілген көршілер мыналар:

  • Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу;
  • Қорғаныс министрінің орынбасары – Бас штаб бастығы Валерий Герасимов;
  • Президент әкімшілігінің басшысы Антон Вайно;
  • Федерация кеңесінің мүшесі Сүлейман Керимов;
  • Олигархтар Роман Абрамович, Геннадий Тимченко және Дмитрий Мазепин;
    Рамзан Қадыровқа жақын бизнесмен Руслан Байсаров.

Зерттеу бойынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа Мичурин даңғылына жақын орналасқан №2 үй бекітілген. Алайда ол бұл резиденцияда тұрақты тұрмайды, тек мезгіл-мезгіл барып тұрады деп көрсетілген.

Дереккөздердің айтуынша, бұл үйлерде тұру арнайы жайлылық үшін емес, билікке жақындықтың символы ретінде қабылданады. Элиталық тізімде Назарбаевтың болуы оның Ресейдің ықпалды тұлғалары арасындағы мәртебесін көрсетеді.

 

Пікірлер