Бейбітшілік пен мәдени диалогтың символы. ЮНЕСКО-ның құрылғанына 80 жыл толды

396
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FTvdi01G06sWKd6T3FHbRoTtnKPHIBk7Wn7DcCNz.jpg

Бүгін, 16 қараша – Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы – ЮНЕСКО-ның туған күні. 1945 жылдың осы күнінде, яғни 80 жыл бұрын ұйымның негізін қалаушы мемлекеттер Конституцияға қол қойып, білім, мәдениет және ғылым арқылы бейбітшілік орнатуды мақсат еткен халықаралық құрылымды қалыптастырды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем жаңа қақтығыстарға жол бермеу үшін мәдениеттер мен елдер арасындағы түсіністікті нығайтатын ұйым құру қажеттігін сезінді. Осылайша 37 ел бірігіп, ЮНЕСКО Конституциясына 16 қараша 1945 жылы қол қойды. 1946 жылы ұйым ресми түрде жұмысын бастады.

ЮНЕСКО қызметі бірнеше басты бағытқа сүйенеді:

  • бейбітшілік пен халықаралық диалогты нығайту;
  • білім беру жүйесін дамыту және сауаттылықты арттыру;
  • мәдени мұраны сақтау және қорғау;
  • ғылым мен технологияны тұрақты дамуға пайдалану;
  • ақпараттық еркіндік пен медиасауаттылықты қолдау.

Қазақстан 1992 жылдан бері ЮНЕСКО мүшесі болып келеді және ұйыммен білім беру, мәдени мұраны қорғау, жастар саясаты және ғылым салаларында белсенді ынтымақтастық орнатқан. Қазақстанның көптеген мәдени және табиғи нысандары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген.

Сонымен қатар, ЮНЕСКО аясында елімізде тарихи ескерткіштерді қорғау, білім сапасын арттыру және мәдениетаралық байланысты нығайту бағытындағы түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда.

2025 жылы ұйым әлемде білімге қолжетімділікті кеңейту, жасанды интеллектті этикалық қолдану, мәдениетаралық диалогты күшейту және климаттық мәселелерді шешу бағытында жұмысын жалғастырып отыр.

 

Пікірлер