Мемлекеттік сапар бейресми кездесуден басталды

650
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FTeWLchdxreDkCHxgqDv0A5ljfuPCeXIV9102dCv.jpg

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бейресми кездесу өткізгенін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық серіктестік пен одақтастық сипатқа ие екенін атап өтті.

Барлық бағытта бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мемлекеттеріміз арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мәселе туындаған жағдайда да оны президенттер мен үкіметтер басшыларының күш-жігері арқасында оң шешімін табуға болады, – деді Тоқаев.

Ресей президенті Владимир Путин шекаралас екі елдің ұдайы байланыста екенін және мемлекетаралық қатынастардағы протоколдық рәсімдердің маңызды екенін атап өтті.

Бүгін бейресми жағдайда кездесіп, барлық өзекті мәселелерді талқылаймыз. Ертең әріптестермен бірге екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін қарастырамыз және перспективті бағыттарға назар аударамыз – деді Путин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бейресми кездесуі басталғаны хабарланған болатын.

Пікірлер