Тәжікстан өз азаматтарын қорғап, Ресейге наразылық білдірді

1835
Adyrna.kz Telegram
Фото: emeat.ru
Фото: emeat.ru

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі Ресейдің республикадағы елшісін шақыртты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ферғана агенттігіне сілтеп.

Оған Ресей аумағында Тәжікстан азаматтарының құқықтарының бұзылуына байланысты наразылық нотасы табыс етілді.

"29 сәуірде «Ресей Федерациясының аумағында Тәжікстан Республикасының азаматтарына қатаң теріс көзқарастың көрініс беруінің, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтарының жаппай бұзылуының жаппай жағдайларына» елеулі алаңдаушылық білдірілген. Бұл әрекет тек Тәжікстан азаматтарына қатысты, бұл тәжік-ресей қарым-қатынасының рухы мен дәстүріне мүлдем сәйкес келмейді", - деп атап өтілген Тәжікстан сыртқы істер министрлігінінің мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 28 сәуірде Ресейге ұшқан мыңнан астам Тәжікстан азаматы Мәскеу әуежайларында тұрып қалғаны хабарланған.

Пікірлер