Мектеп оқушысы “Қазақ хандығы” туралы ойын ойлап тапты

854
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KR3D9UaMtxMItY2sYIZ5cSvkaMLgQkKrT3Ns4T25.webp

Қызылорда қаласында мектеп оқушысы жаңа ойын ойлап тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Гаухар Марат Қазақ хандығы дәуірін жаңаша сипатта танытатын «Алтын тақ» танымдық үстел ойынын құрастырды. Жоба тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Зейнулланың жетекшілігімен жүзеге асқан.

"Бұл ойынды біздің мектепте 7-сыныпта, ал өзге мектептерде 6-сыныпта қолдануға болады. Қазіргі күні балалар тарихи оқиғалар мен тұлғаларды шатастырып алады. Сабақты танымдық ойынға ұштастыру осы олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Болашақта ойынның дизайнын жетілдіріп, хандармен қатар батырлар, жыраулар мен Алаш қайраткерлерін де енгізіп, басқа мектептерге таратуды жоспарлап отырмыз", – дейді Айгүл Зейнулла.

Оқушының айтуынша, ойын екі тақта мен 24 белгіден тұрады. Әр белгіде хандар бейнеленген.

"Бұл ойын тарихи тұлғалардың рөлін бағалау арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады", – дейді Гаухар Марат.

Пікірлер