Өңірдің дамуындағы маңызды қадамдар

749
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZGUZrNo2NKOVsk4eOjEaiSW5d9WHAMwnhFGIS6vD.jpg

Батыс Қазақстан облысында азаматтардың өмір сапасын жақсарту мақсатында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Энергетика, су және кәріз жүйелерін жаңарту, тұрғын үй құрылысы мен логистика сынды бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстар өңір тұрғындарының тұрмысын едәуір жақсартуға бағытталған.

БҚО энергетика және ТҮКШБ басқарма басшысы Бейімбет Мусиннің таратқан ақпаратына сүйенер болсақ  2023 жылдан бастап өңірде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, Орал қаласының жерасты су көзінде алты жаңа ұңғыма бұрғыланып, су өндіру көлемі тәулігіне 40 мың текше метрге артты. Ал 2025 жылы жалпы құны 21,6 миллиард теңгені құрайтын Орал жерасты су көздерін реконструкциялау жұмыстары басталды. Бұл өңір тұрғындарының таза ауыз сумен қамтамасыз етілуін арттыруға бағытталған шаралар. - Кәріз жүйелері де жаңартылады. 2023 жылдан бері облыс бойынша 10,5 миллиард теңгеге  төрт ірі нысан іске қосылды, ал №18А кәріздік сорғы станциясының реконструкциясы жыл соңына дейін аяқталып, сексен мыңнан астам абонент тұрақты су бұру жүйесіне қосылады. Жылу жүйесінде де жаңарулар орын алуда. Зашаған кентінде 489 миллион теңгеге жаңа қазандық салынып, 60 мыңнан астам тұрғын тұрақты жылумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, №1 турбоагрегаттың жаңартылуы мен экологиялық тұрғыдан тиімді шаралар қабылданды, бұл өңірдің энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді,- деді басқарма басшысы Бейімбет Мәлікұлы.

Су мен тұрғын үй құрылысы

Өңірдегі сумен қамту мәселесі де басым бағыттардың бірі болып табылады. 2025 жылдың соңына дейін барлық ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бүгінгі күні облыс халқының 98,6%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, ал жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді деп күтілуде. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нүркен Молдашевтың айтуынша, бұдан бөлек, үстіміздегі жылға дейін 15 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамту үшін 14 жоба жүзеге асырылады.- Тұрғын үй құрылысында да елеулі өзгерістер байқалады. 2023 жылы 19,3 миллиард теңге қарастырылып, 1292 пәтердің құрылысы жоспарланған. Осы жылы 516 пәтер пайдалануға беріледі, оның ішінде көпқабатты үйлер мен ауылдық жерлерде жаңа тұрғын үйлер бар. Әлеуметтік осал топтар үшін Орал қаласы мен облыс аудандарында 555 пәтер сатып алу да көзделген,- деді басқарма басшысы Нүркен Еділұлы.

Инженерлік инфрақұрылымдық жобалар сәтті жүзеге асуда

Құрылыс басқарамасы мәлімдегендей, өңірде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдар саласында  он екі нысанның құрылысына 10,2 миллиард теңге бөлініп, 1588 жеке тұрғын үй құрылысын салуға қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл жобалар тұрғындардың сапалы коммуналдық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

Батыс Қазақстан облысында атқарылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар өңірдің дамуындағы маңызды қадамдарды көрсетеді. Су, жылу, кәріз жүйелерінің жаңартылуы, тұрғын үй құрылысындағы жаңалықтар мен инженерлік инфрақұрылымның дамуы өңір тұрғындарының өмір сапасын арттырып, экологиялық тұрғыдан тиімді шешімдер қабылдануына ықпал етеді. Бұл жұмыстар болашақта Батыс Қазақстанның тұрақты дамуына және азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына сеп болмақ.

Автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

 Батыс Қазақстан облысы аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6183 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1349 км, ал жергілікті маңызы бар жолдар – 4834 км.Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың 83 пайызы, ал жергілікті маңызы бар жолдардың 56 пайызы нормативтік жағдайда. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше 2025 жылдың соңына дейін жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі үлесін  62 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда. 2024 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге  34,8 млрд теңге  бөлініп, нәтижесінде 250,8 шақырым жол жөнделді. Оның ішінде қайта жаңарту жұмыстары – 41,5 км, күрделі жөндеу – 103,8 км, орташа жөндеу – 105,5 км. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 8,8 млрд теңге қаржы бөлініп,  88 км ауылішілік жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілген.
2025 жылы да жол сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Биыл жалпы сомасы 45,3 млрд теңгеге жуық қаражат есебінен 263 км-ден астам жолды жөндеу жоспарланған. Оның 34,6 млрд теңгесі (75%) игерілді.
Соның ішінде облыстық маңызы бар 8 жоба (109,3 км) және аудандық маңызы бар 15 жоба (111,4 км) қамтылған. Бұл жұмыстарға 39,4 млрд теңге бөлініп, соның  30,6 млрд теңгесі (77%) игерілді. Нәтижесінде 220,7 км жолды жөндеу көзделген. Оның ішінде қайта жаңарту – 35 км, күрделі жөндеу – 108,7 км, орташа жөндеу – 55,7 км, ағымдағы жөндеу – 21,3 км. Қазіргі таңда 207,3 км (94%) жолда асфальт-бетон жабыны төселіп, жұмыстар аяқталуға жақын.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 15 елді мекенде ауылішілік жолдарды жөндеуге 5,9 млрд теңге  бөлінді, оның 3,9 млрд теңгесі (66%) игерілді. Осы қаражат есебінен 42,3 км жолға асфальтбетон жабынды төсеу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 24,5 км (58%) жолда жөндеу жұмыстары аяқталған.

Пікірлер