Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанованың Жанар Байсемізге берген сұқбатына жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан бұғаттаған емеспін. Мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!» - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқанын, оның балаларын іздемейтінін айтқан еді.
Ұқсас жаңалықтар